Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві» КММ

КГУ «Государственный архив Улытауского района»

управления культуры, развития языков и архивного дела области Ұлытау

МЕНЮ

Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві жөнінде ақпарат

Қазіргі уақытта архив мекемесінің жеке меншік, дербес орналасқан ғимараты жоқ. Архив мекемесі бірнеше мемлекеттік мекемелер орналасқан ортақ ғимаратта жалға алынған көлемі 248 шаршы метр алаңда қызмет атқарады. Ғимарат 1965 жылы салынған.

Жалға алынған ғимараттың көлемі архив құжаттарын нормативтік талаптарға сәйкес сақтау, арнайы құжат сақтау қоймалармен толық қамтамасыз ету және архив қорын одан әрі қабылдап, толықтыру мәселесінде ұйымдастыру бойынша жеткіліксіз.

Архивтің жалпы штаттық саны-9 бірлік, оның ішінде басшы, есепші, 4 архивист, еден жуушы, техник, көлік жүргізушісі

Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві 1992 жылы құрылған. Архивте сақталатын жалпы қор саны 157, құжаттардың жалпы көлемі 27 161 сақтау бірлігін құрайды. Архив қорларының толықтыру көздері болып табылатын мекемелер мен ұйымдар саны -68.

Қазіргі уақытта архив құжаттарын сақтау қоймаларының сыйымдылығы 100 пайызға толық. Құжат сақтау қоймалары ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Қоймаларда құжаттардың шамадан тыс көп жиналуы ғимарат конструктураларына түсетін салмақтың артуына алып келеді.

Атап айтқанда, құрылыс конструктурасына техникалық жағдайына сараптама жүргізіп, олардың архив құжаттары салмағын көтеру мүмкіндігін анықтау қажет.

Сонымен қатар, архив қоймаларын толуына байланысты жаңадан қабылданатын құжаттарды орналастыру мәселеде күрделеніп отыр.

Архивтің материалдық-техникалық базасы жаңартуды қажет етеді.

Қазіргі таңда архивтік құжаттарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Цифрландыру көлемдер арттыру және құжаттардың электрондық көшірмелерін сапалы әрі жедел қалыптастыру үшін заманауи жоғары өнімді архивтік құжат сканер қажет.

 

Архивтің негізгі және өзекті проблемалары

  • Архив ғимаратының талаптарына толық сәйкес келмеуі;
  • Құжат сақтау қоймаларының сыйымдылығының шектеулігі;
  • Архив ғимаратының техникалық жағдайына және көтергіш конструкциялардың жүк көтеру қабілетіне арнайы техникалық сараптама жүргізу;
  • Құжаттарды цифрландыруға арналған заманауи сканерлер мен компютерлер;

p>

 

p>

 

p>

 

p>

 

p>

 

© 2026 Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві» КММ КГУ «Государственный архив Улытауского района»

управления культуры, развития языков и архивного дела области Ұлытау